Электронды оқулықтардың сапасын арттыру қажет

11.01.2014
Электронды оқулықтардың сапасын арттыру қажет

Электронды оқулықтардың сапасын арттыру арқылы білім саласындағы күрмеулі мәселелерді дер кезінде шешуге болады. Білім саласының қызметкерлері бұл жұмыстардың әдістемелік қыр-сырларына бұрыннан қанық. Алайда, бүгінгі жеткіншек жастар электронды технологиялар мен IT саласына қатысты соны жаңалықтарды жедел меңгеруде.

 
Сондықтан, кез-келген ұстаз, алдымен ғылым мен инновация игілігін оқыту жүйесіне енгізіп, балалар шығармашылығын әрі қарай арттыруға ерекше екпін берген жөн. Бұл – ел жастарының ғылымға, жаңа технологияларға деген ұмтылысын одан әрі күшейтеді, дейді отандық ғалымдар.
 
Мұхамедрахим Құрсабаев, «Тұран» университетінің ғылыми қызметкері:
Қорқыт атамыздан бастап барлық ұлы тұлғаларымыздың мұраларын, бүгінгі Мұқағали жырларын, қазақтың даласындағы археологиялық қазбаларды, осының барлығын сандық технологияларға енгізу керек. Біз осы орайда электронды оқыту мәселелеріне өтіп отырмыз. Мемлекет бұл бағытта біршама жұмыс атқарды.
 

Хабарламаларға жазылу