Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерекше балаларға арналған ерекше кітаптар

05.12.2017

Білім және ғылым министрлігі мен «Самұрық-Қазына траст» компаниясы бірлесіп, көру қабілеті төмен балаларға арнайы тактильді оқу құралдарын шығарды. Жоба аясында 250 тактильді оқулық дайындалған. Олар Қазақстан бойынша көзі нашар көретін балаларға арналған 29 мамандандырылған мекемелерге таратылмақ. «Тактильді оқулықтар балалардың ұсақ моторикасын дамытып, баланың білім алу үрдісін қызықты етуге ықпал етеді»,- дейді мамандар. Бүгінде Қазақстанда көзі нашар көретін немесе зағип 10 мың бала бар. Ал, олармен жұмыс істейтін тифлапедагогтарды еліміздің тек 1 ғана университетінде даярлайды.

Әйгерім Күдеринова, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің инклюзивтік және арнайы білім беру бөлімінің басшысы:

- Биыл көзі көрмейтін балаларға Брайль шрифтімен 6 пәннен оқулық шығарылып жатыр. Нашар көретін балаларға арналған 4 пәннен оқулық шығарылып жатыр. Жалпы, мемлекет тарапынан Білім және ғылым министрлігі 100 миллионнан астам ақша бөліп, осындай оқулықтар жасалып жатыр.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу