ҚР Премьер-Министрі 1 қыркүйекке дайындық сапасына баға берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Премьер-Министрі 1 қыркүйекке дайындық сапасына баға берді

15.08.2017
ҚР Премьер-Министрі 1 қыркүйекке дайындық сапасына баға берді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің баяндамасын тыңдап болған соң, жаңа оқу жылына дайындық барысына тоқталды.

«Министрдің баяндамасынан байқағанымыздай, дайындық жаман емес, бірақ, әлі де ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталмағанын көріп отырмыз, сонымен қатар, бірқатар аймақтарда оқушыларды тасымалдау, ыстық тамақ және оқулықтармен қамтамасыз ету жағы толық шешілмегенін де байқадық. Сондықтан, құрметті әкімдер, сіздерден аталған мәселелерді 1 қыркүйекке дейін шешулеріңізді сұраймын»,-деді Үкімет басшысы.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің сөзінше, биыл 380 оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, шамамен 10,5 мың балаға артық.

Бүгінде 20 жаңа мектеп салынған. 1 қыркүйекке дейін тағы 35 мектеп пайдалануға берілмек. 300 білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталса, 410 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалған. Барлық жұмыстар 25 тамызға дейін аяқталмақ.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу