ОҚО-да жарты жылда 75 мыңдай азамат «Өрлеу» жобасының игілігін көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОҚО-да жарты жылда 75 мыңдай азамат «Өрлеу» жобасының игілігін көрді

02.08.2017

Бұл - тұтас ел бойынша жобаға қатысқан азаматтардың шамамен 70 пайызы. Түстікке жұмыс сапарымен барған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова осы бағыттағы атқарылып жатқан істерді бағамдады. Министр мемлекет қолдауына ие болып, кәсіп ашқан азаматтардың жұмысын көрді. Ісмерлердің қолынан шыққан дүниені көріп, дайын өнімдердің сапасына жоғары баға берді.

Бұдан кейін Тамара Дүйсенова цемент зауытына барды. Жұмысшылардың зейнетақы, жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сауалдарына жауап берді. 700-ге жуық адам жұмыс істейтін өндіріс ошағы 2011 жылы құрылды. Зауыт жылына 2 млн. тонна цемент өндіреді. Құрылыс материалы Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Тәжікстан елдеріне саудаланады.

 

Гүлсанат ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу