ШҚО оқушылары жазғы лагерлерде үш тілді үйренеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО оқушылары жазғы лагерлерде үш тілді үйренеді

28.02.2017
ШҚО оқушылары жазғы лагерлерде үш тілді үйренеді

Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы балалар лагерлерінде өңірлік үштілділік бағдарламасы аясында мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқиды.

Барлығы 450 балаға үш тілде сабақ беріледі. Нақтырақ айтқанда, жазғы сауықтыру лагерлерінде қазақ, орыс және ағылшын тілдері барлық үш маусым аралығында тіл мамандары басшылығымен оқытылады. 

Мәселен, Зайсан ауданы «Бәйтерек» лагерінде 150 орыс тілді оқушы «Ситуациялық қазақ тілі» кітабының авторы Қанат Тасыбековтың әдістемесі бойынша қазақ тілін оқиды. 

«Біз Қазақстанда тұрамыз, мемлекеттік тілді білуіміз қажет. Бұл балалармен жұмыс істейтін керемет мүмкіндік мен үшін. Тілдерді оқыту тәсілімнің балаларға пайдасы тиеді деп ойлаймын», - деді әдістеме авторы.

Ал орыс тілін «Аюда» лагерінде Тарбағатай, Зайсан, Күршім аудандарынан келген 150 қазақ тілді оқушы үйренеді. 

Ағылшын тілін «Үржарайым» лагерінде 150 оқушы оқымақ. Балаларға сабақты Филиппиннен келген Ровена Габут береді.

Хабарламаларға жазылу