Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды

17.03.2016
Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды
Оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды

Сынақтан сүрінген түлекке тағы бір мүмкіндік... Қазақстандық мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыра алатын болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді.

Бүгін Сенат депутаттары «Білім беру туралы» Заңға түзету енгізді. Оқушыларға екінші мәрте тестілеуге қатысуға мүмкіндік беретін заңды Үкімет те, қоғам да қолдап отыр. Бірақ, ұлттық бірыңғай тестілеуді қайта тапсыру ақылы болмақ.

Мұндай өзгеріс негізсіз емес. Елімізде ҰБТ-ны тапсырмайтын түлектер саны жыл сайын артып келеді. Биыл олардың қатары 46 мың оқушыны құрады. Тым көп, әрине. Бұл- жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам шәкірт жоғары оқу орнынан шет қалады деген сөз. Олардың ішінде 25 мыңы колледжге де түспейді екен.

Бірақ, сол санаттағылардың арасында әйтеуір жоғары оқу орнына баратындары бар. Дегенмен, біздің емес, шетелдің білім ошақтарына кетеді. Әсіресе, Ресей мен Қытайға. Мәселен, былтыр Ресейде 39 мың қазақстандық білім алған. Осы ретте, академиялық миграция мәселесі алаңдатпай қоймайды. Жалпы, оқушыны ҰБТ-ға екінші мәрте қатыстыру - жоғары білімді қоғамды қалыптастырудың қадамы. Бұндай өзгеріс әлемдік тәжірибеде кең қолданыста.

Толығырақ Ұлттық арнаның Kaznews жаңалықтарынан көріңіздер.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу