Қостанайда жаңа зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда жаңа зауыт ашылды

10.04.2023

Қостанайда құрылыс материалдарын шығару саласына инвестиция тартылып, газоблок құятын зауыт ашылды. Өндіріс орнының құрылысы 2021 жылы басталған. Зауыттың қуаты жылына 75 мың текше метр өнім шығаруға жетеді. 70-тен астам адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Аймақта жыл өткен сайын құрылыс қарқыны артып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда тек жаңадан салынатын тұрғын үй көлемі 2,5 млн шаршы метрге жетіп, облыста 150 мың адам баспаналы болуы тиіс. Сондықтан құрылысқа қажетті шикізатты жергілікті жерде өндіру маңызды. Бұған дейін газоблоктар Қостанайға Ресейден тасымалданатын.

Олег Ким, құрылыс компаниясының өкілі:

Мұндағы өнім 25-30 пайызға арзанға түседі. Себебі, жол шығын болмайды. Рубльдің құнына да тәуелділік жоқ. Оның сыртында қажетті шикізаттың бәрі Қазақстандікі. Сапа жағынан арнайы сараптама да оң нәтиже көрсетті.

Дәуренбек Әбдібекұлы

Хабарламаларға жазылу