Қостанайда 900 орындық қазақ мектебі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 900 орындық қазақ мектебі ашылды

05.11.2019

Қостанайда жаңадан тағы бір қазақ мектебі ашылды. Осылайша облыс орталығындағы таза мемлекеттік тілде білім беретін мектептер саны жетеуге жетті. 

Бұрынғы кәсіптік-техникалық колледж ғимаратын орта білім ошағына лайықтап қайта жаңарту шілдеде басталған. 900 орындық үш қабатты нысанды жөндеуге 250 миллион теңге жұмсалыпты. Бұл қаржыға ғимараттың төбесі бүтінделіп, инженерлік желі жаңартылды. Кабинеттер жаңа жиһаздармен жабдықталды. Жаңа мектепте әзір 500-ге тарта шәкірт оқиды. Олардың басым бөлігі Б.Момышұлы атындағы №5 аралас мектептен ауысып келіп отыр.

Айгүл Қазиева, мектеп директоры:

Биология, химия, физика кабинеттері заманауи үлгіде жабдықталған. Информатика, IT кабинеттер де сондай. 160 орындық асханамыз бар. Спорт, акт залы жұмыс істейді. 

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу