Жаңа мектеп пен балабақша ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа мектеп пен балабақша ашылды

10.03.2014
Жаңа мектеп пен балабақша ашылды
Көкшетау қаласындағы Бірлік мөлтек ауданының тұрғындары бұған дейін балаларын шалғай орналасқан мектептерге жіберетін. Енді міне, бұл мәселе оң шешімін тапты.
 
Мөлтек ауданда 216 балаға арналған жаңа мектеп ашылды. Құрылысы екі жыл бойы жүргізілген білім ордасы талапқа сай. Барлық пән кабинеттері заманауи оқу құралдарымен жабдықталған.
 
Оқушылар жаңа мектептегі алғашқы сабақтарын бастап та кетті. Осы ғимараттан қосымша 80 бүлдіршінге арналған балабақша да пайдалануға берілді.
 
Бибігүл Оспанова, Бірлік шағын ауданының тұрғыны:
Бұрын мектеп, балабақша болған жоқ. Балаларымыз Көкшетау қаласындағы №17 мектепке барып жүрді. Қазір міне, осы мөлтек ауданның ішінде жаяу барып, жаяу келетіндей жағдайға жетті. Бұрын балаларымызды уайымдап отыратынбыз. Енді бәрі жақсы деп ойлаймын, үлкен рахмет.
 
Ерболат ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу