Көкшетауда мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» атты сайыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» атты сайыс өтті

19.03.2019

50-ден астам жас дарын «Дәстүрлі ән», «Күй», «Терме» аталымдары бойынша өнер көрсетті. Бұл - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жоба.

Осы жолғы байқау Наурыз мерекесіне орайластырылды. Әншілердің, күйшілердің, термешілердің сайысына аудандық іріктеуден өткен үздіктер ғана қатысты. Сондықтан қатысушылардың деңгейі жоғары.

Аяжан Ысқақова, байқауға қатысушы:

- Маған дәстүрлі ән айтқан ұнайды. Осындай сайыстарда өзіміздің деңгейімізді байқаймыз.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу