Әліппе - білім бастауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әліппе - білім бастауы

20.12.2014
Әліппе - білім бастауы

Биыл Алматыда 23 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған. Бүгін қаладағы 201 мектептің 1-сынып оқушылары үшін алғашқы оқулығы әліппемен қоштасу шарасы өтті. Олардың қатарында қаладағы тұңғыш қазақ мектебі саналатын Шоқан Уәлиханов атындағы №12 дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған гимназия да бар. 90 жылдық тарихы бар білім ордасына биыл 210 бала қабылданған. Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін сауатты балалар қатарына қосылды. Олар төрт ай ішінде 42 әріпті үйреніп қана қоймай, әріптерді қосып оқып, тақылдап тақпақ айтып, ойларын еркін жеткізе алатын деңгейге жетті.

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ 

Хабарламаларға жазылу