«Әліппе» оқулығының бағдарламасы дайын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әліппе» оқулығының бағдарламасы дайын болды

02.11.2020

«Әліппе» оқулығының бағдарламасы дайын. Қаңтар айында пилоттық мектептердің жоспарына енгізіледі. Апробациядан өткен соң барлық 1 сыныптар «Әліппемен» білім алуға көшпек.  

Оқулық Ахмет Байтұрсынов әдістемесі негізінде жазылды. Оны құрастыруға бастауыш сынып мұғалімдері, психологтар мен дефектологтар, тіл мамандары мен әдебиетшілер атсалысқан. Кітаптың жобасын дайындаған 34 маман латын әліпбиіне негізделген «Әліппенің» де оқу бағдарламасын дайындап қойыпты.

Гүлфар Мамытбек, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ҰҒПО жетекші ғылыми қызметкері: 
-Алдағы шығатын әліппе ол А.Байтұрсынұлының әліппесінің дәлме-дәл көшірмесі болмайды. Себебі ол араб жазуына негізделген, 24 таңбаға. Ал бізде кирилл жазуына яғни 42 әріпке негізделіп отыр.  

Енді балалар «Әліппеге» дейінгі кезеңде суреттермен жұмыс істейді. «Әліппе» кезеңінде әріптер мен буындарды, сөз, сөйлем құрауды үйренеді. «Әліппеден» кейінгі кезеңде яғни ІІ жартыжылдықтан бастап оқулық «Ана тіліне» ауысады.

Манара Адамова, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының орта білім ортылығының директоры: 
-Білім және ғылым министрлігі оқулықтарда кететін қателіктерге қатысты да пікір білдірді. Алдағы уақытта педагог мамандарын даярлайтын оқу орындарында «оқулықтанушы» пәні енгізіледі. Сондай-ақ 400-дей оқулық авторларына арнайы курстар өткізу қолға алынған.   


Әліппе Оқулық білім

Хабарламаларға жазылу