Рәбиға Сыздық атындағы дәрісхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рәбиға Сыздық атындағы дәрісхана ашылды

17.09.2014
Рәбиға Сыздық атындағы дәрісхана ашылды

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде академик Рәбиға Сыздық атына жаңа аудитория ашылды. Шара ғалымның 90 жылдық мерейтойы мен оқу орнының 70 жылдығы қарсаңында жүзеге асып отыр. Әйгілі филологтың құрметіне ақындар жыр арнап, әншілер өз өнерін көрсетті.

«Ғылымдағы қазақ қыздары: қайраткерлік және дәстүр сабақтастығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазіргі таңдағы әйел-ғалымдардың мәселесі талқыланды. Мақсат - ғылымға сүбелі үлес қосқан ғалымдарды жас буынға насихаттау.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу