Серік Қирабаев атындағы дәрісхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Қирабаев атындағы дәрісхана ашылды

16.03.2017

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық  университетінде Серік Қирабаев атындағы дәрісхана ашылды. Филология ғылымдарының докторы Серік Қирабайұлының 90 жасқа толуына орай, осындай құрмет көрсетілді.

Жаңадан ашылған бұл дәрісханада профессордың еңбектері мен марапаттары қойылған. Сондай-ақ, шарада шәкірттері дайындаған кітаптың таныстырылымы өтіп, ұстаздық жолы мен ғұмыр жолы туралы қысқа деректі фильм көпшілік назарына ұсынылды.

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу