Профессор Рәбиға Сыздық дүниеден өтті

05.07.2020

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының өкілдері Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздық дүниеден озғанын естіртті. Ғалым 96 жасына қараған шағында Алматыда көз жұмды. Рәбиға Сыздықтың ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдеби тілінің тарихы, Абайдың поэтикалық тілі, қазақ тілінің поэтикасы, XV - XIX ғасырлардағы ақын-жыраулар тілі, ортағасырлық жазба ескерткіштер тілінің тарихы мен лексика-грамматикалық құрылымы, текстологиясы, тарихи лексика, лингвостилистика, тіл мәдениеті салаларына арналған. 130-дан астам ғылыми жұмыс, оның ішінде 9 монография, оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Ғылымның алып бәйтерегі құлағандай... 

Хабарламаларға жазылу