Алматыда Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды

29.10.2019

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісхана ашылды.

Онда сан алуан тақырыпта, әр қилы жанрда қалам тербеген қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолынан сыр шертетін естеліктер мен кітаптары қойылған. «Аудиторияда күнделікті сабақтарды өткізу арқылы студенттерді қазақтың бірегей жазушысының шығармашылығымен етене таныстыру жоспарланған», - дейді ұстаздар. 

Сонымен қатар «Әбіш Кекілбаев - замананың заңғар тұлғасы» атты алқалы жиын өтті. Басқосуға белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен студенттер қатысты.

Нұрхан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу