Алматыда мектеп оқулықтары тапшы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мектеп оқулықтары тапшы

03.09.2014
Алматыда мектеп оқулықтары тапшы

Оқу жылы басталып кеткеніне қарамастан, кітапқа қолы жетпей, кезекте тұрған халықтың қарасы қалың. Кезекті кемітіп, оны реттеуге келгенде құзырлы органдар неге құлықсыз? Бүгін Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттары осы мәселені көтеріп, Үкімет басшысының атына сауал жолдады. Депутаттар Майра Айсина, Дариға Назарбаева және Алмас Тұртаев көтерген бұл мәселелерді өзге де әріптестері қолдады.

Жылда жыр болатын оқулық жайы – баласы бардың бас ауруына айналған. Алматыдағы қай кітап дүкеніне бармаңыз, ұзын-сонар кезек. Арасында апталап кезек күтіп жүрген ата-аналар да бар. Олар ақшасына кітап таба алмай дал. Ал сабақтың  басталғанына үш күн болды.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу