Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына 100 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына 100 жыл толды

05.11.2021

Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына 100 жыл толды. Осыған орай Алматыда академияның дамуы және қазақтың көрнекті тұлғаларының білім саласына оған қосқан үлесі тақырыбында конференция өтті. Шараға қара шаңырақта ұзақ жылдар қызмет еткен ардагер ғалымдар мен білім саласының құрметті азаматтары қатысты. Мерейтойға орай академия тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

Әділхан Дүйсебек, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА орта білім мазмұны институты басшысының орынбасары:

Ахмет Байтұрсынұлы 1921 жылы бастап берген. Сол кездегі Алаштың ардақтылары соған атсалысқан. Сол жерде алғашқы әліппе шыққан. Алғашқы қазақ оқулықтары шыққан. Сөйтіп қазақ мектебінің іргетасы сол жылдары қаланған. 


Хабарламаларға жазылу