Алматыда кітап жәрмеңкесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кітап жәрмеңкесі басталды

30.05.2022

Үш күнге созылатын мәдени шараға жақын шет елдерден келген баспагерлер мен отандық 50-ден астам кітап дүкені қатысып жатыр. Жәрмеңке аясында жаңа бағытта, заманауи технологиялармен шыққан шығармалардың таныстырылымы өтіп, авторлар бас қосты. Сирек туындылар мен қолжазбалар мұражайының экспонаттары да көпшілік назарына ұсынылды. Арасында зағип жандарға арналған Брайль техникасымен жазылған том жинақтары да бар. Фестивальге келушілер керек кітабын тауып қана қоймай, түрлі мәдени іс-шаралардың куәсі болып жатыр. Осындай жоба арқылы дүкендердің саудасы жанданып, кітап мәдениеті дамымақ,-дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылар.

Әсима Рысқұлбекова, баспаның бөлім басшысы:
Көрмеге мектеп оқулықтарын, сонымен қатар көркем әдеби шығармаларды да әкеліп, көпшілікке таныстырп отырмыз. Бүгінгі іс-шараға қатысып отырудағы басты ерекшелік - мектеп оқулықтары. Біздің мектеп оқулықтары заманауи талапқа сай әзірленген. 

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу