Алматыда 1-ші қыркүйек күні Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1-ші қыркүйек күні Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады

29.08.2014
Алматыда 1-ші қыркүйек күні Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылады

Алматыда 1-ші қыркүйек күні Назарбаев Зияткерлік мектебі өз жұмысын бастайды. Мектептің ашылу салтанаты мен жаңа оқу жылының басталуына байланысты мерекелік шара таңғы 9-да болады, деп хабарлайды мектептің баспасөз қызметі.

Заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталған мектеп 864 орынға арналған. Мектептің 7 блогында 75 сынып орналасқан. Олардың ішінде математика, интеграция, техникалық модельдеу, нано және биотехнология зертханалары, робот техникасы, физика, химия, биология, жеке сабақтар мен психологиялық жеңілдету кабинеттері бар.

Спорт корпусында кіші және үлкен зал, жаттығу залы бар. Ақпараттық блокта 50 мың қоры бар кітапхана мен медиатека, 260 орындық оқу залы бар.

Мектепке Австралия, АҚШ, Қытай, Панама, Франция, БАӘ, Катар сияқты елдерден 20-дан аса мұғалім шақырылған.

 

Хабарламаларға жазылу