Мемлекет басшысы Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебінде болды
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда Назарбаев зияткерлік мектебінде болды. Химиялық-биологиялық бағыттағы 720 оқушыға арналған бұл білім мекемесі 2013 жылдың қыркүйек айында ашылған.
Мектепте қатаң іріктеуден өткен аймақ ұстаздары сабақ береді. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Африка Республикасы, Румыния, Ирландия елдерінен келген 12 оқытушы да бар.
Мұндағы білім алушыларды білім нәрімен сусындатуға конкурстық комиссия 134 адамды ұсынған, оның ішінен 33 адам мұғалімдердің біліктілігін арттырудың үш деңгейлі курстарынан өтсе, 4 ұстаз Назарбаев университеті базасындағы жылдық курсты бітірген. Бір бос орынға 6 адам үміткер болған.
Зияткерлік мектептің 7,8,9,10 сыныптарында оқу үшін оқушылардың конкурстық іріктеуіне 2978 өтініш келіп түскен. Конкурста орта есеппен бір орынға 4 адам таласқан.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшының «Өркен» гранты 679 оқушыға берілген. Алғаш рет 7 сыныпта білім алу үшін конкурс стратегиялық серіктестермен - Нидерландыдағы педагогикалық білім институтымен (Cito) және АҚШ-тағы Джонс Хопкинс университетінің Талантты жастар орталығымен (CTY) бірлесе отырып жүргізілді.
Ұстаздар Назарбаев зияткерлік мектебі облыстың басқа да мектептерін жоғары деңгейге көтеретін аймақтың жетекші білім ордасына айналады деп санайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16