Астанада «ЕХРО-2017 саяжолын» отырғызу шарасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «ЕХРО-2017 саяжолын» отырғызу шарасы өтеді

27.04.2015
Астанада «ЕХРО-2017 саяжолын» отырғызу шарасы өтеді

28 сәуірде Астанада жалпыреспубликалық «Ұлттық орман отырғызу күні» аясында «ЕХРО-2017 саяжолын» отырғызу шарасы өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары - «Жасыл» экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ, «Тұрақты даму» Жер қоры, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, Астана қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі.

Шараның мақсаты -  азаматтарды экологиялық қозғалысқа тарту, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған орта жағдайын жақсарту.

Бұл күні 500 көшет егіліп, дипломатиялық миссия өкілдері, Сенаторлар мен депутаттар, мемлекеттік орган өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғамдық ұйым көшбасшылары, астананың құрметті тұрғындары, студенттер және Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысады деп жоспарлануда.

 

Хабарламаларға жазылу