Назарбаев зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспидициясы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Назарбаев зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспидициясы қорытындыланды

31.10.2018

Алматыда физика-математика бағыты бойынша білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы қорытындыланды. Оған Павлодар, Семей қалаларындағы зияткерлік білім ошағының оқушылары қатысты. Тағылымды жоба бойынша еліміздегі Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитын оқушылардың ішінде 1 жыл бойы үздік көрсеткіш көрсеткендерге басқа қалада орналасқан білім мекемесіне жолдама беріледі. Соған сай, олар тарихи жерлерді аралап, ірі өндіріс орындарының жұмысымен танысады.  

Айгүл Исмайылова, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:

- Бұл жобаның берері мол. Әрбір қаладан зияткерлік мектептің оқушылары келеді. Оңтүстіктің оқушылары батысқа, шығысқа барып, сол жердің флора-фауналарымен, өндіріс орындарымен танысады. Мол қазба байлықтарымен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу