Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалалы отбасылардың мектеп жасындағы балаларына, сонымен қатар мүгедек және жетім балаларға қайырымдылық көмек көрсетілді. Демократия үйінде өткен аталмыш шараға балалар өздерінің ата-аналарымен келді.
«Мектепте оқитын әр түрлі жастағы 164 балаға мектепке қажетті сөмкелер мен дәптер, қарындаш секілді басқа да керек-жарақтар табыс еттік.
Бұл қайырымдылық акциясы биыл осымен бесінші жыл өткізіліп отыр. Жыл сайын 500 мектеп оқушысы мектепке қажетті бұйымдармен қатар, мектеп формасымен де қамтамасыз етіледі.
Биылғы шараға жалпы 2 миллионнан теңгеден астам қаржы жұмсалды» - деді шараны ұйымдастырушы, Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Айнұр Бекжанова.