Қазақстан мен Қытай ЖИ және цифрландыру саласында ынтымақты күшейтпек
Қазақстан мен Қытай цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақты күшейтуге келісті. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзидің кездесуінде айтылды. Тараптар заң шығару, инвестиция, сауда, логистика және мәдени-гуманитарлық бағыттардағы серіктестікті талқылады. Сондай-ақ Қазақстан депутаттары цифрландыру мен жасанды интеллект саласында Қытай тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытатынын жеткізді. Өз кезегінде Чжао Лэцзи екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін мәлімдеді.
Ерлан
Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:
Қытай біздің жақын досымыз, іргелес көршіміз. Қазіргі таңда Қытай еңсесі биік мемлекет. Әлемдегі экономикасы қарыштаған ең озық елдің бірі. Біз үшін осындай мемлекетпен мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту өте маңызды. Қазіргі таңда үздіксіз дамудың жалғасы ретінде елдеріміз жаңа алтын отыз жылдығын кешуде. Бұл көшбасшыларымыздың жеке достық байланысы мен ерен еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда тағы жүз көшет екті
21.10.2026, 17:12
Ақтөбеде қағаз қалдықтарын өңдейтін зауыт салынып жатыр
21.10.2026, 17:10