Қазақстан мен Ресейдің «Бәйтерек» ғарыш жобасы алғашқы сынақтан сәтті өтті
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-5/Сұңқар» зымыран тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымы сәтті өтті. Жоба Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бастамасы аясында іске асырылып жатыр. Мамандардың айтуынша, зымыранның бірінші және екінші сатылары штаттық режимде жұмыс істеп, жүк макеті белгіленген траекторияға шығарылған. Енді кешеннің сенімді жұмысын дәлелдеу үшін тағы екі сынақ өткізу жоспарланып отыр. Бұл болашақта Байқоңырдан коммерциялық спутниктерді ұшыруға мүмкіндік береді.
Баубек Оралмағамбетов, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы:
Ғарыш кешенінен өздерінің спутниктерін ұшыру үшін, тапсырыс алу үшін сол тапсырыс беретін мемлекеттердің алдында оң статистиканы көрсетіп, біз коммерциялау керекпіз. Сондықтан да осы сынақ ұшырылымдар өткізілетін болады. Ол жаңағы логистика сияқты ғой. Жерден ғарышқа ұшыру деген сияқты. Сондай тапсырыстар алуымыз керек.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05