Еліміздің мектептері жаңа оқу жылына дайын - Аслан Сәрінжіпов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің мектептері жаңа оқу жылына дайын - Аслан Сәрінжіпов

25.08.2014
Еліміздің мектептері жаңа оқу жылына дайын - Аслан Сәрінжіпов

Қазақстандағы мектептер жаңа оқу жылында  оқушыларды қабылдауға дайын.

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов оқу жылына дайындық туралы баяндап, білім саласындағы бірқатар өзекті мәселеге тоқталды.

«Тамыз айының соңғы күндері біз үшін жауапты әрі маңызды. Өйткені, жаңа оқу жылына дайындық жүргізіледі, атқарылған жұмыстың нәтижелері жария болады. Бүгінде оқу жылына толық дайынбыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

Сала басшысы мектеп формасы және оқулықтармен қамтамасыз ету тақырыптарына тоқталды.

 «Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі әрқашан  өзекті. Біз олардың стандарттарын дайындап, баспаларға береміз. Өз кезегінде баспа авторлық ұжымдар жинап, оқулықтарды шығаруға дайындайды. Содан кейін сараптамадан өтеді. Оқушыларды 100 пайыз сапалы оқулықтармен қамтамасыз етуге қол жеткізуге бағытталған жұмыстар қолға алынды»,- деді ол.

astana.kz

Хабарламаларға жазылу