Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының мектептері жаңа оқу жылына дайын ба?

20.08.2020

Алматы облысының Ақсу ауданында биылғы оқу жылында 12 мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Демек 12 елді мекеннің 321 оқушысы оқуын қалыпты жағдайда жалғастыра береді. Қалған 29 білім шаңырағының оқушылары сабақты онлайн оқиды. Бұл - шамамен 7 мыңнан астам білімгер. Қазіргі таңда оқушы қабылдайтын мектептер дайындықтарын пысықтап, оқу кестесін бекітуде. 

Айта кету керек, ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 29 білім ордасының əжетханасы ғимарат ішіне көшірілді. Барлық мектептерде бейнебақылау камералары орнатылып, қауіпсіздік мəселесі берік қолға алынды.

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу