ЖОО-да ақылы білім алу құны өспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО-да ақылы білім алу құны өспейді

25.08.2014
ЖОО-да ақылы  білім алу құны өспейді

Биыл жоғары оқу орындарында ақылы түрде білім алу құны өспейді. Ақылы білім алу мемлекеттік гранттардың бағасымен теңестірілген, ал, грант бағасы биыл өзгерген жоқ. 

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлады.  Жаңа оқы жылына әзірлік туралы баяндаған министр 1 қыркүйекке дайын емес мектептер бар екенін де айтты.

Министр сондай-ақ, оқушылардың жазғы каникулдары қысқаруы мүмкін деген мәселеге де нүкте қойды. Бірер күн бұрын халықаралық сарапшылардың елдегі  білім жүйесінде жазғы каникул мерзімі тым ұзақ, деген пікірі айтылған болатын.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу