Аслан Сәрінжіпов: Тестілеуге түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аслан Сәрінжіпов: Тестілеуге түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады

02.06.2015
Аслан Сәрінжіпов: Тестілеуге түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады

Бүгін еліміздің барлық аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Науқан 8 маусымға дейін жалғасады. 

Оған республика бойынша 124 мың түлек қатыспақ. Оның 84 мыңы - қазақ тілінде мектеп бітіргендер.

Емтихан ел аумағындағы 165 тестілеу пунктінде өткізіледі.

«Тестілеу пункттері сынақты өткізуге толықтай дайын. Сынаққа түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады», - деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

 

Хабарламаларға жазылу