Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

20.08.2014
Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге бүгін   шымкенттік шенеуніктер мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті. 

«Мектепке жол» акциясы аясында 250-ге тарта балаға киім-кешектер мен оқу құралдарын табыстады.

Қазір қалада  24 мыңнан аса жеткіншек  әлеуметтік көмекке зәру ретінде есепте тұр. 

Биыл 10-қыркүйекке дейін  тағы  6 мыңнан астам балаға қайырымдылық жасалмақ.

Гүлмира  ОҢЛАСБЕК

Хабарламаларға жазылу