Алматыда «Мектепке жол» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Мектепке жол» акциясы өтті

26.08.2014
Алматыда «Мектепке жол» акциясы өтті

«Балаларға жылулық сыйла!» айдармен Тұңғыш Президенті қорының ұжымы бүгін алматылық 100-ден аса балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды тарту етті.

Олардың қатарында көпбалалы отбасылардың балғындары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жеткіншектер бар.

5 жылдан бері қайырымдылықпен айналысқан қор осы уақыт аралығында шалғайда тұратын 1000-ға жуық балаға мектепке қажетті керек-жарақты алып берген.

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу