«Мектепке жол» акциясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы аяқталды

30.09.2014
«Мектепке жол» акциясы аяқталды

Бүгін «Мектепке жол» VII республикалық акциясы мәреге жетті. Шараның мақсаты - жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, оларға қоғамның қамқорлығын сезінуге мүмкіндік беру.

Сондай-ақ, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу үшін жалпы 2 584 адамнан жұмыс тобы құрылды. Топтағы педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, полицейлер мен ата-аналар пәтерлерді, жеке және саяжай секторларын аралады.

Шара барысында аз қамсыздандырылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 7 667 балаға көмек көрсетілді.

 

Хабарламаларға жазылу