Астана мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы өтті

26.08.2014
Астана мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы өтті

Бүгін Астананың мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы өтті.

«Нұр Астана» мешітінде 250 оқушыға жәрдем берілді. Олардың қатарында тұрмысы төмен отбасы, көпбалалы жанұя мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.

Сондай-ақ, осындай игі шара бүгін Әзірет Сұлтан мешітінде де өтіп, 300-ге жуық балғын спорттық киім, оқу құрал- жабдықтары мен мектеп формасының ақшасын алды.

Жалпы, мұндай қайырымдылық іс қаланың сегіз мешітінде өтіп, бас шаһардың 650 оқушысына көмек көрсетілді

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу