«Мектепке жол» акциясы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мектепке жол» акциясы басталды

31.07.2017

«Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!». Дәл осындай ұранмен дәстүрлі «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы басталды. Биыл 4 мың бала көмекке мұқтаж. Шараның діттегені белгілі: аз қамтылған, көп балалы отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына әзірлеу. Яғни, оқуға қажет құрал-жабдық пен киім-кешекпен қамтамасыз ету. Осы ретте, ірі қалалардан бастап шалғайдағы елді мекендерге дейін рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Әсіресе, әлеуметтік қорғалмаған отбасыдан шыққан балғындарға аса көңіл бөлінбек. Былтыр аталмыш акция аясында 3200 балаға 2 млрд. 500 млн-ға жуық теңгенің көмегі көрсетілген. «Жыл санап қайырымдылыққа жұмсалатын сома 3 млн. теңгеге көбейіп отыр», - дейді акцияны ұйымдастырушылар. 

 

 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу