Астана медицина университеті биыл 800-ге жуық маман даярлап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана медицина университеті биыл 800-ге жуық маман даярлап шығарды

10.07.2014
Астана медицина университеті биыл 800-ге жуық маман даярлап шығарды

Астана медицина университеті биыл 800-ге жуық маман даярлап шығарды. Бүгін түлектерге салтанатты түрде диплом табысталды.

Қыз-жігіттер 12 мамандық бойынша: жалпы медицина, қоғамдық денсаулық сақтау, тіс емдеу ісі, мейіргерлік, хирургия, акушерлік іс және гинекология саласы бойынша білім алған.

61 түлек жоғары оқу орнын үздік бітірді. Оқытушылардың айтуынша, өткен жылғы түлектердің 97 пайызы жұмысқа орналасқан. Оның 15 пайызы - ауыл-аймақтарда.

Биылғы бітірушілердің де жұмысы дайын. Олар бос орындар жәрмеңкесі кезінде бірнеше мекемемен келісімге келіпті.

Медициналық білім алу мерзімі жағынан ұзақ болғандықтан, бұл жерде отбасылылар көп. Бітіруші келіншектердің көбі салтанатты рәсімге балаларымен бірге келген.

Айғаным Мұхтарқызы, Астана медицина университеттің түлегі:

Аса қиын болған жоқ. Анам, енем, әкем және күйеуім көмектесті. Бүкіл туған-туыстарым дәрігер.  Мен де кішкентай кезімнен дәрігер болғым келді.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу