Биыл Назарбаев Университеті алғаш рет медицина мамандарын даярлап шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Назарбаев Университеті алғаш рет медицина мамандарын даярлап шығарды

03.06.2018

Осы аптада Назарбаев Университеті 800 түлектің томағасын сыпырып, білім шаңырағынан шығарып салды. Еңбек нарығы 800 білікті маманмен толықты. Жас түлектерді Елбасының өзі арнайы келіп құттықтады. Үздіктеріне өз қолымен диплом тапсырды. Айтулы күнді бұлайша Елбасымен бірге атап өту кез келген студентке бұйыра бермесі анық. Қуанышыңды Мемлекет басшысымен бөлісудің мойынға артар салмағы да аз емес. 

Салтанатты шарада Нұрсұлтан Назарбаев әрбір түлектің ел әлеуетін арттыруға қосар үлесі зор боларына сенім білдірді. Биылғы оқу жылының ерекшелігі сол, университет алғаш рет медицина мамандарын даярлап шығарды. Ал, бүгінге дейін университеттен жалпы саны 1800-дей маман түлеп ұшса, солардың  98 пайызы дипломы қолға тиісімен жұмысқа орналасқан екен. Олардың дені робототехника, инженерия, IT секілді кез келген жанның тісі бата бермейтін күрделі салаларды игерген. Тіпті, қазір кейбірі «Гугл», «Майкрософт» сынды жетекші компанияларда еңбек етіп жүр. «Бұл - үміттің ақталғаны», - деді Елбасы.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу