Елордада жас өнертапқыштар өзара сайысқа түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада жас өнертапқыштар өзара сайысқа түсті

01.11.2019

Еліміздің ең жас өнертапқыштары елорда төрінде сайысқа түсті. Ақтық сынға робототехника сайысының аймақтық кезеңдерінен топ жарған 200-ге жуық жас өрен келді. Осы сыннан озған оқушылар еліміздің бірқатар университетінде тегін оқитын болады. 

Астана IT университеті бүгін кішкентай инженерлердің ордасына айналғандай. Жас ғалымдар тырнақ алды туындыларын сынға әзірлеп әлек. Елордалық оқушылар бұйрықты бұлжытпай орындайтын көлікті ойлап тапқан. 

Санжар және оның командаластары секілді үмітін үкілеп келген 200-ге жуық оқушы бар. Жеңіпаздар сайыс өтіп жатқан Астана IT унивсерситетінде тегін оқуға мүмкіндік беретін грант иеленбек. Содан болар бұл жерде осал қарсылас жоқ. Бірінен бірі өткен өнертапқыштар. 

ХХІ ғасыр - технология ғасыры. Техниканың тілін меңгеріп, IT саласының жілігін шағып, майын ішкен маман өркениет көшінен қалмайды. Ал роботехника инновацияға икемі бар баланың қиялына қанат бітіретін ғылым.  

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу