«Туған елге тағзым» атты оқушылар экспедициясы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Туған елге тағзым» атты оқушылар экспедициясы аяқталды

10.07.2014
«Туған елге тағзым» атты оқушылар экспедициясы аяқталды

Елордада «Туған елге тағзым» атты оқушылардың өлкетану-зерттеу экспедициясы аяқталды.

Оған Шымкент және Орал қаласындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінің 800-ге жуық оқушысы қатысты.

Биыл үшінші мәрте ұйымдастырылып отырған экспедиция оқушыларға туған жердің табиғаты мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық және тарихи-мәдени даму деңгейімен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.

Жоба аясында жас өлкетанушылар «Қорғалжын» қорығы мен орталық өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеп, «АЛЖИР» тарихымен танысты.

Қуандық Мақсұтов, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

Сонымен қоса, Елбасының тұңғыш мұражайында болып,  өмірлік жолын танып-білдік.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу