Көкше жұрты майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкше жұрты майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды

09.05.2023

Жеңістің 78 жылдығын ұлықтаудан Көкше жұрты да шет қалмады. Қала тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша мемориалдарға гүл шоқтарын қойып, майданда қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Орталық алаңда «Жеңіске тағзым» атты әдеби-музыкалық композиция қойылып, патриоттық әндер шырқалды.

Жалпы, Ақмола облысынан Екінші дүниежүзілік соғысқа 83 мыңнан астам азамат аттанған, соның жартысы елге оралмады. Бүгінгі күні көзі тірі 8 соғыс ардагері бар.

Дәуренбек Жарылғасып, қала тұрғыны:

Жеңіс мерекесін осылайша кең көлемде атап өту - бұл енді соғыста болған майдангерлерге, біздің аталарымызға, бабаларымызға тағзым. Соларға көрсеткен құрметіміз. Болашақ ұрпаққа, біздің жастарға да тәлім-тәрбие, өнеге.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу