Бүгін Қаныш Сәтбаевтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Қаныш Сәтбаевтың туған күні

12.04.2023

Бүгін-қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаевтың туған күні. Ғылым күні. Осыған орай Павлодарда ғалымдар бас қосып, заңғар тұлғаның ескерткішіне тағзым етті. Торайғыров университетінде «Сәтбаев оқулары» 23 жыл қатарынан өтіп келе жатыр. Осы аралықта 50 мыңға жуық жас ғалым мен дарынды оқушылар ғылыми еңбектері мен мақалаларын қорғады. Жүздеген томға арқау болған 20 мыңнан аса мақала жарық көрді. Бүгінгі халықаралық конференцияда тұңғыш академиктің ғылымға қосқан өлшеусіз еңбегі жайлы айтылды.

Алтынбек Нұхұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Еліміз, жеріміз үшін үлкен мақтанышты тұлға болғандықтан Қаныштың келесі жылы келетін 125 жылдық мерейтойына осындай алғашқы шаралардың туған жерінен басталып жатқаны біз үшін үлкен мақтаныш деп айтқым келеді.

Болат Аманбаев      

Хабарламаларға жазылу