Аптаға созылатын бұл емтиханды бас-аяғы 92 мың 77 оқушы тапсырады, яғни түлектердің - 72 пайызы. Айталық, биыл жоғары оқу орындарына шамамен 34 мың грант бөлінеді.
Оның 12 мыңы техникалық мамандықтарға, ал бес мыңға жуығы педагогикалық мамандықтарға, шамамен 2 мың 600-і ауыл шаруашылығы мамандықтарына беріледі.
Талапкер ұлттық жоғары оқу орнына түсу үшін 70, аграрлық универсиеттерге 60, ал қалған оқу орындарына 50-ден жоғары балл жинауы тиіс.
Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
Биыл ҰБТ соңғы рет өткізіліп жатыр деген ақпарат бүгінгі таңда дұрыс емес. Өйткені, біздің жоспарамыз бойынша ендігі жылы да ҰБТ болады деп отырмыз. Бірақ бізде мемлекеттік білім беру жүйесінің 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан кейін мектеп бітіру емтихандарына, қабылдау емтихандарына өзгеріс енгізу қажет деген. Ол мәселені арнайы коммисия талқылап жатыр.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ