ҰБТ тапсыруда ағылшын тілі міндетті болуы мүмкін

02.03.2016
ҰБТ тапсыруда ағылшын тілі міндетті болуы мүмкін
Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты да өзгерістер болады.

Биыл ағылшын тілі мамандығына қосымша 900 білім гранты бөлінсе, «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде 500 мұғалім даярланады. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев айтты.

Бұл жұмыстар үш тілді білім беруге көшудің «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Сондай-ақ, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты да өзгерістер болады. Ағылшын тілі міндетті пән ретінде қосылуы мүмкін.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу