Бүгін - Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні

02.06.2014
Бүгін - Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні
Бірер сәт бұрын Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнгі қорытындысы белгілі болды. Астаналық түлектер үш жоғары оқу орнының ғимаратында тест тапсырды.
 
Сәкен Сейітханұлы, тілші:
Еліміз бойынша ҰБТ-ның алғашқы күні аяқталды. Түлектердің бірінің көңілі күпті болып, бірінің қуанышы қойнына сыймай үйлеріне тарқасты. Бүгінгі күн бойынша  елордалық түлектердің жинаған ұпайларының жалпы қорытындысы  әзірге белгісіз. Еліміз бойынша нәтижелердің барлығы бір орталыққа жиналуда.   
 
Жасұлан Сарбасов, жас түлек: 
Қыркүйек айынан кешегі күнге дейін дайындалдым. Ең басты мақсатым - ата-анам мен ұстаздарымның үмітін ақтау болатын. Сол мақсатыма жеттім. Менің нұсқамда ешқандай келеңсіз сұрақтар болған жоқ. Ендігі арманым - беделді университетке оқуға түсу, мықты заңгер болу.
 
Айта кетейік, ҰБТ еліміз бойынша 8-маусымға дейін жалғасады. Тест тапсырушы түлектер сынақ  нәтижесіне көңілі толмаса, апелляциялық шағым түсіре алады.
 
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу