Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күні аяқталды

02.06.2015
Ұлттық бірыңғай тестілеудің  бірінші күні аяқталды

Осыдан жарты сағат бұрын елімізде ҰБТ-ның алғашқы күні аяқталды. Тест нәтижелері әр пунктің алдында орналасқан қорытынды парақтарына ілінді.

Бүгін республика бойынша 19 999 түлек тест тапсырды. Еліміз бойынша 165 пункт жұмыс істеді. 

Олардың 116-ы аудан орталықтарында, ал, 49-ы Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарында орналасты.  

Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов астаналық түлектермен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу