Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің қорытындылары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің қорытындылары белгілі болды

21.06.2019

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні 3 жарым мың оқушы шекті баллды жинай алмай қалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Әділет Тойбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Етиханды алғашқы күні 12 мыңнан астам түлек тапсырған еді. Оның 11 мыңы сынақты қазақ тілінде өткен. Талапкерлердің көбі жаратылыстану бағытындағы пәндерді және физика-математиканы таңдаған. Кешегі нәтиже бойынша ең көп 137 балл жинаған 1 оқушы тіркеліпті.  Айта кетейік, Қазақстанда ҰБТ 20- маусымда басталды, осы айдың 30-на дейін жалғасады.

 

Әділет Тойбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры:

 

Биылдан бастап әкімдіктерден ҰБТ нәтижесі бойынша мектептердің рейтингісін жасамауды сұраған болатынбыз. Осыған байланысты, балалардың ҰБТ нәтижесінің орташа балын да есептеген жоқпыз. Бүгін 13:00-ден бастап аппеляциялық комиссия жұмысын бастады.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу