Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі мол

06.02.2014
Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі мол
Германияның Халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамдастығының басшысы Райнер Гертц «Білім саласына дуалды жүйені енгізу» жобасы бойынша мәселелерді талқылау үшін Қарағандыға арнайы ат басын тіреді.
 
Елбасы тапсырмасы бойынша елімізде техникалық және кәсіби білім беру саласын   индустриализация қажеттілігіне  орай модернизациялау кезеңі басталды. 
 
Бүгінгі күні бұл бағыттағы білім орындарының бірқатары дуалды оқыту жүйесіне көшірілуде. Қарағанды облысында қазір 17 білім ошағы осы әдістемемен жұмыс істеуде.
 
Алайда, тәжірибенің жетіспеушілігі әлі де болса байқалады, дейді мамандар. Дуалдық оқыту түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету, қажетті мамандықтарды анықтау, оларды дамытуға қаржы құю сынды мәселелерді шешуге оң ықпал етпек. Ал, бұл ретте Германия оқ бойы озық тұр.
 
Райнер Гертц, Германияның Халықаралық әріптестік жөніндегі қоғамдастығының басшысы:
Әрине, біздің елдің дуалдық оқытудағы тәжірибесі орасан зор. Бірақ, оны Қазақстанға техникалық және кәсіби салада ертең кәдесіне жарайтын, сұранысқа ие мамандықтар бойынша енгізу керек. Бұған білім саласы ғана емес, елдегі кәспорындардың да қызығушылығы болмай, дуалдық жүйе өз жемісін береді деп айта алмаймын. Яғни, екіжақты жұмыс істеу қажет.
 
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу