18-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың Ақ Олимпиададағы нәтижелері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

18-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың Ақ Олимпиададағы нәтижелері

18.02.2018
18-ақпан күнгі қазақстандық спортшылардың Ақ Олимпиададағы нәтижелері

Олимпиада ойындарында құрама спортшылары шаңғы жарысының эстафеталық түрі бойынша бақ сынады. 4 х 10 км қашықтық бойынша сынға түскен Алексей Полторанин, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Денис Волотка жалпы есепте 8-орынға тұрақтады. Құрама спортшылары сайыс жеңімпаздары Норвегия құрамасынан мәре сызығына +3:31.4 минут уақытқа кеш келді.

Ерлер арасында тау шаңғысы бойынша алып слаломда бақ сынаған Игорь Закурдаев жарыс қорытындысы бойынша 51-ші орынды қанағат тұтты. Ол жалпы есепте жарыс жеңімпазы австриялық Марсель Хершерден +17.03 уақытқа қалып қойды.

«Пхенчхан-2018» Олимпиадасында конькимен жарысуда әйелдер арасында 500 м қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Аталған сайыста отандасымыз Екатерина Айдова бақ сынаған еді. Қорытынды есепте қазақстандық спортшы белгіленген қашықтықты 38.96 секунд уақытта жүріп өтіп, жалпы есепте 21-орынға тұрақтады.

 

19-ақпанға арналған жарыс кестесі 

Хабарламаларға жазылу