Қысқы Олимпиада алауын жақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Олимпиада алауын жақты

09.02.2018

Бүгін төрткүл дүние назары Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында. Көптен күткен 23-ші Қысқы Олимпиада жалауы желбіреді. Тартысты додаға 80-нен астам елдің 5000-нан аса спортшысы мен ресми өкілі қатысады. 15 спорт түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ал, Қазақстанның ұлттық құрамасында 57 жолдама бар. 46 спортшымыз Қысқы ойындардың 9 түрінен сынға түседі. Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан Туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шықты.

Хабарламаларға жазылу