Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді

10.08.2016
Пеле Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға уәде берді

Аты аңызға айналған футболшы, үш дүркін Әлем чемпионы Пеле Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысуға ниетті.

«Мен физиотерапия жалғастырудамын және 21-тамыз күні мерекелік іс-шараның жабылуына қатысуға ниеттімін. Сіздерді жақсы көремін», - деп жазды әйгілі футболшы өзінің «Твиттердегі» парақшасында.

Бастапқыда Пелеге Жазғы ойындардың ашылу салтанатында Олимпиада алауын жағу ұсынылған болатын, алайда, ол бүкіл әлем алдына сүйеніш таяғымен шығуды қаламады.

Нәтижесінде 5-тамыз күні  алауды 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында марафон жүгіруде қола жүлде иеленген 46 жастағы Вандерлей Кордейру ди Лима жақты.


Хабарламаларға жазылу